21 қазан "Еркетай" шағын орталығы мен Кондратовка ОМ мектепке дейінгі даярлық тобының бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы нормативтік құқықтық актілерінің өзгерістерін түсіндіру.







Кондратовка орта мектебінде 3 қазан күні 11 сыныпта «ҰБТ-ға дайындық» атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп бітіруші сыныптың ата-аналары, мектеп директоры, мектеп директорының оқу тәрбие жұмысы бойынша және тәрбие жұмысы ісі бойынша орынбасары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, мектеп психологы қатысты.





Мұғалімдер күнін атап өту аясында 28 қыркүйек күні Кондратовка орта мектебінде мұғалімдер мен ауыл тұрғындары арасында футзалдан спорттық жарыс өткізілді.







Отбасы күні мен адалдық сағатын өткізу жоспарын жүзеге асыру барысында 8 қыркүйек күні Кондратовка орта мектебінде 3-4 сынып оқушылары және ата-аналары арасында спорттық эстафета өтті.